Болтон қызметінен босатылды
https://itolqyn.com/news/world-i43397
АҚШ Президенті Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтонды қызметінен босатты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 11, 2019 14:59 Asia/Almaty
  • Болтон қызметінен босатылды

АҚШ Президенті Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтонды қызметінен босатты.

«Рейтерс» ақпарат агенттігінің мәліметінше, АҚШ Президенті Дональд Трамп сейсенбіде: «Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон  қызметінен босатуды сұрады»,- деп жариялады. Трамп Твиттерде: «Өткен кеште Джон Болтонға Ақ үйдің оның қызметін қажет етпейтінін хабарладым»,- деп жазды. АҚШ Президенті: «Мен және үкіметтегі басқа кейбір адамдар оның кейбір ұсыныстарына қарсы болдық. Сондықтан Джоннан қызметінен кету өтінішін жазуды сұрадым. Ол бүгін таңертең өтінішін берді. Келесі аптада Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі таныстырылады»,- деп қосты.