Барлық шетелдік күштердің шығуы – Ауғанстан халқының қалауы
БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі америкалық күштердің Ауғанстаннан шығуын қуаттап: «Белгіленген уақытта барлық шетелдік күштердің шығуы – Ауғанстан халқының қалауы»,- деді.
Маджид Тахтраванчи Ауғанстандағы бейбітшілік пен қауіпсіздік тақырыбымен сейсенбіде өткен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында: «АҚШ-тың Ауғанстанға шабуыл жасағанынан шамамен 20 жылдан кейін АҚШ-тың бұл елден шығуынан басқа амалының қалмағаны анықталды. Ешбір мемлекеттің Ауғанстанның келешегі туралы шешім қабылдау құқығы жоқ. Сондықтан Ауғанстан үкіметі және бұл елдің саяси ағымдарының қатысуыларысыз өтетін әр келіссөз сәтсіздікке ұшырайды. ИИР аймақтық бастама ретінде шекаралас елдермен бірге Ауғанстан үкіметі және бұл елдің барлық топтарымен қантөгістін жалғасының алдын алу және тұрақты келісімге келу үшін кеңесулер мен келіссөздер жүргізуге дайын»,- деп қосты.