Иран Нетаньяхудың Иордан өзенінің батыс жағалауы туралы сайлауалды уәдесін айыптады
(last modified Thu, 12 Sep 2019 11:11:31 GMT )
Қыр 12, 2019 17:11 Asia/Almaty
  • Иран Нетаньяхудың Иордан өзенінің батыс жағалауы туралы сайлауалды уәдесін айыптады

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы сәрсенбі күні сионистік режим Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың Иордан өзенінің батыс жағалауының бірнеше бөлігін басып алынған жерлерге қосатыны туралы сөздерін қатаң айыптады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сейіт Аббас Мусави араб әлемін басқарамыз деп уәж айтатын кейбір араб елдерінің қосалқы шаралармен айналысып, Құдсты басып алған режимнің қолдауымен Йеменде соғыс жүргізіп, мұсылман бауырларды қырып-жоюын және Нетаньяхуға жақтасуын бала өлтіргіш осы режимнің сұрқия ойын жариялауына қолайлы мұрсат болғанын айтып: "Нетаньяху бір күні Иранға қарсы айып тағып, басқа күні Палестинаның тағы бірнеше бөлігін қосып алатынын жариялау арқылы билікте қалып, экспансия мен агрессияны жалғастыру үшін дауыс жинауды көздеп отыр",-деді.

Сионистік режим Премьер-министрі сейсенбі күні осы режимнің алдағы парламентік сайлауында жеңіске жеткен жағдайда Иордан өзенінің батыс жағалауының бірнеше бөлігін басып алынған жерлерге қосуды көздеп  отырғанын жариялады.