Қыр 12, 2019 18:20 Asia/Almaty
  • Болтонның тағдыры және Беньямин Нетаньяхудың ауыр күндері

Беньямин Нетаньяху өзінің саяси тағдырында қысылтаяң күндерді бастан өткеріп жатыр. Бұл қысылтаяңдық Бен Салман, Бен Заид, Болтон мен Беньямин Нетаньяхудан тұратын "Б" тобының саяси орнының қатты әлсіреуімен тікелей байланысты.

Кеше түнде Джон Болтон АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі қызметінен босатылды. Басқа жағынан шамамен бір аптадан кейін Израильде парламенттік сайлау өтеді. Нетаньяху Болтонға ұқсас тағдырға ұшырап, басып алынған жерлер халқы тарапынан шеттетіліп қалудан алаңдап отыр.

Израильдің парламенттік сайлауы соңғы 6 айдың ішінде екінші рет 17 қыркүйекте өтеді деп жоспарланып отыр. Нетаньяху басқаратын "Ликуд" партиясы 2019 жылдың сәуір айында өткен сайлауда 36 орынға ие болып, бір дауыс айырмашылықпен  сайлаудың жеңімпазы атанды. Бірақ Нетаньяху 42 күндік мұрсаттан кейін жаңа кабинет құра алмады. Ал енді сайлауда жеңіске жету үшін АҚШ Президенті Дональд Трамптың қолдауына сүйеніп, жаңа басқыншылықтар жасауды уәде етіп отыр.

Сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху сейсенбі күні сайлау науқанында сөйлеген сөзінде сайлауда жеңіске жеткен жағдайда бірден Иордан сайы мен Бахр әл-Майттың солтүстігін режимнің аумағына қосып алуға уәде берді.  Нетаньяху Дональд Трамптың 17 қыркүйектегі Кнессет сайлауынан бір күн өткен соң "Ғасыр мәмілесі" жобасының тұсауын кесетінін айтып, Иордан өзенінің батыс жағалауындағы сионистік қалашықтарда сионистік режимнің билігін орнатуға тарихи мұрсат туып тұрғанын мәлімдеді.

Нетаньяху Палестина жерлерін басып алу туралы уәде беру арқылы  сионистік қалашықтар тұрғындарының дауысына ие болуға талпынып жатыр, бірақ қалашық тұрғындары мен басып алынған жердегі халықтың палестиналықтардың жерлерін Израильге қосудың "Ғасыр мәмілесі" жобасы мен Нетаньяхудың басқыншылығы арқылы орындалмайтынын, Палестина халқының өз елін бар күш-қуатпен қорғайтынын жақсы білетіні анық.

Басып алынған жерлердің халқы Палестина халқы мен қарсыласу топтарының  Израильдің қылмыстарына қатаң жауап беруге белді бекем буып отырғанын, Нетаньяху сияқты зымыраннан қорқып, жертөлеге жасырынбайтынын біледі. Нетаньяху сейсенбі күні Иордан өзенінің батыс жағалауындағы бірнеше ауданды басып алынған жерлерге қосып алу туралы уәде беріп жатқан кезде Палестина қарсыласу топтарының  зымырандық шабуылынан туындаған қатер дабылының дауысын естігенде  сөйлеп тұрған жерін тастап, бас сауғалап кетті. Сөйтіп, басып алынған жерлердегі халыққа соғысты өзі үшін емес, тек халық үшін қалайтынын дәлелдеді.

Ливан Хизбулласының 1 қыркүйек күні жасаған зымырандық шабуылында және Палестина қарсыласу топтарының сейсенбі күні Израильдің қылмыстарына қарсы тұру үшін жасаған зымырандық шабуылында Нетаньяхудың бас сауғалап, пана іздеп кетуі оны Ақ үйдегі Джон Болтонның тағдырына бір табан жақындата түсті.   

Тегтер