Аятолла Араки: Мұсылмандар тек бірлік арқылы өз болмысын сақтай алады
(last modified Sun, 15 Sep 2019 07:34:50 GMT )
Қыр 15, 2019 13:34 Asia/Almaty
  • Аятолла Араки: Мұсылмандар тек бірлік арқылы өз болмысын сақтай алады

Дүниежүзілік ислам мазхабтарын жақындастыру ассамблеясының бас хатшысы ислам үмбетінің бірлігін сақтау қажеттігін қуаттап: «Мұсылмандар тек бірлік арқылы өз болмысын сақтай алады»,-деді.

Аятолла Мохсен Араки сенбі күні Анкарада «Ислам бірлігі: Палестина мен ислам әлемінің болашағы» атты халықаралық конференцияның ашылу рәсімінде: «Палестина мәселесі тек Палестинаға ғана қатысты емес. Бұл тақырып – бүкіл ислам әлемінің мәселесі»,-деді.

Аятолла Араки сионистік дұшпанның Палестина жерін бөлшектеп, әл-Ақса мешітін жоюда сәттілікке жетсе, бүкіл мұсылмандар зиян шегетінін айтып: «Бүгінде ислам үмбетінің болмысына қатер төніп тұр»,-деді.

Аятолла Араки ислам болмысын бір қажеттілік деп атап: «Ислам бірлігін сақтау арқылы ислам әлемін ірі алпауытқа айналдыруға мүмкіндік бар»,-деді.