Әлемдегі климаттық өзгерістер
(last modified Mon, 16 Sep 2019 14:18:52 GMT )
Қыр 16, 2019 20:18 Asia/Almaty
  • Әлемдегі климаттық өзгерістер

Әлемнің 175 елі климаттық өзгерістерге қатысты Париж келісіміне қол қойды

 

БҰҰ жұма күні 175 елдің климатқа қатысты Париж келісіміне қол қойғанын мәлімдеді. Франция Президенті Франсуа Олланд 175 елдің өкілдері арасында бірінші болып осы келісімге қол қойды. 

БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун да осы уақытқа дейін бірде-бір халықаралық келісімге бір күн ішінде осындай мөлшерде елдердің қол қоймағанын айтып, осы тарихи сәтті құптады.

Әлемде ауаны ластайтын ең басты екі ел – Қытай мен АҚШ та БҰҰ-ның аталмыш келісіміне қол қойды.

Осы елдердің арасында басым бөлігі кішігірім индустриялық ел болып табылатын 15 мемлекет қазірге дейін аталмыш келісімді бекітті. Әлемдегі парниктік газдың жалпы көлемінен кем дегенде 55 пайызын шығаратын 55 ел осы келісімді бекіткен жағдайда ғана ол жүзеге асырылатын болады. Бұл келісімнің мақсаты жер бетінің жылыну үдерісін баяулату болып табылады.

Әлемдік ресурстар үкіметтік емес ұйымының мәлімдеуінше, жұма күні климат өзгерістері туралы келісімге қол қойған елдер әлемдегі парниктік газдың 93 пайызын өнідіріп, жер бетінінің жылынуына жауапты болып табылады.

Мамандардың айтуынша, әлемнің жер-жерінде экологияға жағымсыз салдарын тигізіп жатқан парниктік газдар құбылысымен күресу жылдам әрі шынайы шараларды қажет етеді. Климаттың өзгеруінің жер планетасы мен оның тұрғындарына жағымсыз әсер тигізетіні дәлелденгенімен кейбір елдер, әсіресе, АҚШ сияқты дамыған индустриялық елдер мен Қытай сияқты енді ғана бой көтерген кейбір экономикалар Париж келісіміне қол қоймас бұрын парниктік газдардың таралуын азайтуға бағытталған экологиялық келісімдерді қабылдаудан бас тартып келді.

Шын мәнінде, парниктік газдар жер бетінің жылынуның басты факторы болып табылады. Климаттық өзгерістер азық-түлік өндірісіне теріс әсерін тигізіп, ашаршылықтың артуына әкеп соқтырды. Бұл мәселе БҰҰ-ның даму үстіндегі елдердің тұрғындарының жаңа климаттық жағдай мен атмосфералық өзгерістердің салдарына бейімделуі үшін инвестиция салу қажеттігін қуаттауына себеп болды.

Ғылыми зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей, климаттық өзгерістер жер планетасы мен оның тұрғындарына түрлі тұрғыдан әсер ете алады. Климаттық өзгерістердің апатты салдарларын назарға алсақ, индустриялық елдер мен жаңа бой көтерген экономикалар осы мәселеге қатысты жауапкершілігін қабылдап, климаттық өзгерістерді азайтудың шығынын өтейді ме, әлде бұрынғысынша бұл үдеріске немқұрайдылықпен қарап, экономикалық даму сылтауымен күллі адамзаттың мекеніне нұқсан келтіруін жалғастыра бермек пе деген сауал туындайды.

Шын мәнінде климатқа байланысты Париж келісіміне қол қойылғаннан кейінгі маңызды қадам жер бетінің жылынуына ең көп үлес қосып отырған елдердің келісімді өз парламенттерінде бекітіп, жүзеге асыруы болады. АҚШ Конргесіндегі республикашылдардың басым болуы мен Барак Обаманың президенттік кезеңінің аяқталуына аз уақыт қалуын назарға алсақ, АҚШ-та бұл келісімінің бекітілуінің алдында кедергі туындайды деп болжануда. Сонымен қатар, парниктік газдың таралуы мен жер бетінің жылынуына жауапты елдердің түрлі сылтаулармен Париж келісімінің баптарын жүзеге асырудан бас тартуы қаупі де бар.

2015 жыл тарихта ең ыстық жыл, ал өткен онжылдықтың ең ыстық онжылдық және 2015 жылдың наурыз айы тарихтағы ең ыстық наурыз айы ретінде тіркелгенін, сондай-ақ өткен қыста арктикалық мұз деңгейінің ең аз мөлшерде болғанын естен шығармауымыз керек.

Әлем климаттық өзгерістермен Американың қатысуынсыз шынайы түрде күресуде (Dec 07, 2017 23:00 Asia/Almaty)

Бұл бағдарламада Германияның Бонн қаласында өткен Климаттық өзгерістер конвенциясының 23-ші саммиті шеңберіндегі келіссөздер мен келісімдерге шолу жасаймыз.

2017 жылдың қараша айының алтысы күнінен бастап 10 күн бойы  Германияның Бонн қаласында Париж конференциясына мүше елдердің өкілдерінің қатысуымен конвенцияның тұрақты штаб-пәтерінде "COP23" деп аталатын Климаттық өзгерістер конвенциясының 23-ші саммиті өтті. Бұл отырыстың ұйымдастырушысы азиялық Фиджи елі және оны басқару міндеті осы елдің премьер-министрінің жауапкершілігінде болғанымен, саммитке 20 мыңнан астам адамның қатысуы және лайықты кеңістіктің болмауы мен делегациялардың сапарларын жеңілдетуге байланысты саммит Германияның Бонн қаласында өтті. АҚШ  Париж климат келісімінен шықаннан кейін өткен климаттық өзгерістер туралы алғашқы әлемдік басқосу болып табылатын осы конференцияның басты мақсаты адамдардың климаттық жүйедегі қауіпті қатерлерге араласуының алдын алу, басқаша айтқанда жер бетінің жылынуының алдын алу болды. Келіссөздердің басты мақсаты 2017 жылдың соңына дейін Париж климаттық келісімін жүзеге асыруға көмектесетін ережелер кешенін дайындау деп жарияланды.

Климаттық өзгерістерге қатысты халықаралық реакция 1992 жылы Рио де-Жанейрода өткен Жер саммитінде басталды. Саммитте БҰҰ-ның климаттық өзгерістер туралы конвенциясы бекітілді. Қоршаған орта мамандарының ескертулерінен кейін 1997 жылдың желтоқсан айында "Киото" деп аталған шарттың нұсқасы дайындалып, әлемнің 160 елі шартқа қол қою арқылы жер бетінің жылынуы үдерісін тоқтату міндетін мойнына алды. Осы шартқа сәйкес, әлемнің 36 өнеркәсіптік елі 2012 жылға дейін парниктік газдар шығару мөлшерін орта есеппен алғанда 1990 жылғы деңгейден 5 пайызға төмендетуге міндеттелді. Алайда, бұл мақсат іске аспады. Себебі, Құрама Штаттары көп жылдар бойы Киото шартын қабылдамаған жалғыз ел болды. АҚШ-тың сол кездегі басшылары Киото шарты негізінде парниктік газдардың мөлшерін азайтатын болса, елдің экономикалық дамуы баяулап, ақырында басқа елдермен бәсекелестікке жарамай қалуға соқтырады деген пікірде болды. 

Лимада 2014 жылы өткен конференцияда климатқа қатысты әлем елдерінің жаңа міндеттері туралы "Климатқа шара қолдану" деп аталған жоба әзірленіп,  2015 жылы Паридже өткен саммитте БҰҰ-ның 20 жылға созылған келіссөздерінен кейін алғаш рет әлем елдері климаттық өзгерістермен күресу туралы ортақ құжатқа қол қойды. Осы құжатқа сәйкес, 2050 жылға дейін жер бетінің температурасын 2 градусқа төмендету болжанды. Париж саммитінде әлемдік қоғамдық пікірдің Вашингтонға халықаралық климаттық келісімді қабылдау туралы қысым жасауы АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманы АҚШ-тағы парниктік газ шығару мөлшерін азайту және тиісті конвенцияларды қабылдауға мәжбүрледі. 

АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама Париж саммитінде Құрама Штаттарының әлемдік климаттық өзгерістерге кінәлі екенін мойындап: "Жеке басым әлемдегі ең мықты экономикаға ие елдің әрі парниктік газды ең көп шығаратын екінші елдің жетекшісіретінде осы жерге  АҚШ-тың климаттық өзгерістердегі рөлін мойындаумен қатар, осы салада шара қолдануға құлшына қатысатынымызды айтуға келдім" деді. Ол тіпті осы әлемдік апатпен күресу үшін кедей елдерге қаржылай көмек көрсетуге әзірлігінде мәлімдеді. 

Дональд Трамп 2017 жылы АҚШ президенті болып сайланғаннан кейін сайлауалды насихат кезінде америкалық азаматтарға уәде еткендей, АҚШ-ты әлемдегі парниктік газ шығарушы ең үлкен ел бола тұра Париж келісімінен біржақты түрде шығарды. Ол бұл келісімнің 6,5 миллион жұмыс орны мен 3 триллион доллар көлемінде ішкі жалпы өнімнің құрдымға кететінін алға тартты. Трамптыңосы шешімі келісімге мүше басқа елдер мен қоршаған ортаны қорғау топтары тарапынан қатаң сынға ұшырады. Тіпті, Германияның Бонн қаласында өткен конференция барысында да осы елдің экологиялық белсенділерінің бір тобы шеруге шығып, климаттық өзгерістерге қатысты алаңдаушылық білдірумен қатар, АҚШ президентінің суреті салынған карикатураларды қолдарына ұстап, оның қоршаған ортаға қатысты саясаттарын сынға алды.

Euronews агенттігінің СОР23 кезіндегі АҚШ пен Трампқа қарсы наразылықтар туралы репортажы

Еуропа комиссиясы Трамптың сөздерінен кейін АҚШ-тың Париж келісімінен шыққан күнін әлем үшін қайғылы күн деп атады. Әлем елдерінің көптеген қайраткерлері мен халықаралық ұйымдардың басшылары Трамптың АҚШ-ты Париж келісімінен шығару туралы шешімін сынады. Тіпті осы келісімнің жақтаушыларының бірі болған АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама да Трамтың әрекетін сынап: "Жаңа үкімет болашақтан бас тартып отырған елдердің қатарына қосылды" деді. АҚШ-тағы жеке меншікэкологиялық ұйым Сьерра Клаб та Трамптың үкіметіне шабуыл жасап: "Әлемнің басқа барлық елдері климаттық дағдарысқа қарсы біріккен жағдайда Дональд Трамп қауіпті әрекетінде АҚШ-ты әлемдік сахнада оқшауландырды" деді. 

2015 жылы Парижде келісімге қол қойылған кезде Сирия мен Никарагуа оған қосылмаған елдердің қатарын құрады. Алайда Никарагуа елі ағымдағы жылдың қазан айында осы шешімін өзгертіп, келісімге қосылды. 2015 жылы Париж келісімі бекітілген кезде Сирия азамат соғысына душар болып, бұл келісімге қол қоятындай жағдайда болмаған. Бірақ,  Бонн конференциясы барысында Сирияның Қоршаған орта министрінің орынбасары Веда Катмави: "Сирия араб мемлекетінің Париждің климат туралы келісіміне қол қоюын қалаймын" деді. Оның айтуынша, бұл келісімге мүмкіндігінше ең жақын уақытта қол қойылып, Сирия өз міндеттерін атқару үшін басқа елдердің көмегіне жүгінетін болады. 

Осылайша, Сирия Париж келісіміне қосылғаннан кейін АҚШ-тан басқа барлық ел осы келісімге қолдау көрсетіп, жер беті жылынуының алдын алу үшін әріптестік жасайтын болады. Көптеген сарапшылардың, соның ішінде, Германияның Қоршаған ортаны сақтау министрінің орынбасары Йоган Фласбарттың пайымдауынша, АҚШ-тың Париж климаттық келісімінен шығуы келісімнің нәтижелеріне әсер ете қоймайды. Басқа елдер бұл келісімнің барлық тарауын орындауға бел буып отыр. Оның айтуынша, тіпті АҚШ қазір осы келісімнен шығу шешімін қабылдағанымен болашақта оған қайтадан қосылатын болады. Йоган Фласбарт Бонн климаттық конференцияның ашылу салтанатында: "195 елдің ортақ бір мақсат үшін жасаған келісімі маңызды жетістік. Оған қатер төнуге жол бермеу керек" деді. 

Кейбір мамандар Трамптың осы әрекетін басқа елдерді климаттық өзгерістермен күресуге қатысты біріктіруге жағдай тудыру деп сипаттап отыр. Бонн конференциясының келісуші тараптарының бірі Кристина Фигуэрес: "АҚШ-тың бұл шешімі қоршаған ортаны қорғаудың теңдессіз толқынын тудырды" деді. Оның айтуынша, АҚШ президенті климаттық өзгерістерге қатысты іс-шаралардыңқарқынын жылдамдатты, сол себепті барлық елдер оған алғыс айтуы керек. 

Шынтуайтында, әлемдегі климаттық өзгерістер күн сайын артып келе жатыр. Әлемдік деңгейде көмірқышқыл газының шығарылуын азайтпаса, оның миллиардтаған халық пен табиғатқа тигізер ауқымды жағымсыз әрі түзетуге келмейтін салдарларының алдын алумүмкін емес. Климаттық өзгерістердің салдарынан биыл орын алған көптеген апаттар, соның ішінде, Үндістан мен Нигериядағы су тасқындары, Кариб аралдарындағы қатты жел, Еуоопадағы климаттық өзгерістер, Таяу Шығыс аймағындағы құрғақшылық пенАмерика Құрама Штарындағы жанартаудың атқылауы сияқты табиғи апаттар алдағы бірнеше жыл ішінде парниктік газдың шығарылуының азаюы қажеттігін және бұл мақсатқа жетудің климаттық өзгерістерді ауыздықтау үшін шарт жасап, ұлттық деңгейде де қатаң шара қолдану қажеттігін тудырып отыр. Осы ретте ИИР-ның Бонн конференциясындағы өкілі Маджид Шафиипур климаттық өзгерістер туралы отырыстың жабылу салтанатында жасаған баяндамасында барлық елдердің ұлттық мүдделерді сақтап, климаттық өзгерістердің ықпалын азайтуы қажеттігін қуаттады. 

Осылайша 195 елдің өкілдері Бонн конференциясында тіпті егер АҚШ парниктік газ өндіруші екінші ірі ел ретінде Париж климаттық келісімінен шығу туралы шешім қабылдаса да, барлық елдердің жерді қорғау және оның бетіндегі температураның артуын бақылау үшін парниктік газдың шығарылуын азайтуға талпынуы керек екенін қуаттап отыр. Осындай жағдайда ғана болашақ ұрпақтың сау әрі қауіпсіз әлемде өмір сүретін мүмкіндігі болады.