Анкарада Иран, Ресей және Түркия Президенттерінің бесінші саммиті қорытынды мәлімдеме шығарды
(last modified Tue, 17 Sep 2019 07:43:13 GMT )
Қыр 17, 2019 13:43 Asia/Almaty
  • Анкарада Иран, Ресей және Түркия Президенттерінің бесінші саммиті қорытынды мәлімдеме шығарды

Иран, Ресей және Түркия Президенттерінің бесінші саммитінің қорытынды мәлімдемесінде «Астана үдерісінің» кепілі болған бұл елдер Сирияның территориялық тұтастығын сақтап қалуды қуаттады.

 

ИРНА ақпарат арнасының Анкарадан хабарлауынша, 14 бапта реттеліп, қол қойылған Иран, Ресей және Түркия Президенттерінің Анкарада өткен бесінші саммитінің қорытынды мәлімдемесінде   Сирияның территориялық тұтастығын сақтап қалу қуатталып, халықаралық қоғамнан Сирияны қайта құру және бұл елдің халқына гуманитарлық көмекті арттыруға көмек сұралды. Бұл мәлімдемеде сондай-ақ келесі саммиттің Теһранда өтетіні, сондай-ақ Сирияның егемендегі, тәуелсіздігі, бірлігі мен территориялық тұтастығы қуатталды.

Конституцияны реттейтін комитеттің жұмысына ризалық білдіру, БҰҰ Бас хатшысының Сирия істері жөніндегі арнайы өкілінің талпыныстарын қолдау, сириялықтарға арналған гуманитарлық көмектерді арттыру және жеткізуін жеңілдету, сириялық босқындардың отанына оралуына көмектесу мен оларға қолдау көрсету үшжақты саммиттің қорытынды мәлімдемесінде назар аудартылған басқа тақырыптар болды.

 

Тегтер