Зариф: АҚШ-тың экономикалық лаңкестігі заңсыз әрі адамзатқа қарсы
(last modified Thu, 19 Sep 2019 10:43:13 GMT )
Қыр 19, 2019 16:43 Asia/Almaty
  • Зариф: АҚШ-тың экономикалық лаңкестігі заңсыз әрі адамзатқа қарсы

ИИР Сыртқы істер министрі сәрсенбі күні кешке АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иранға қарсы санкцияларды күшейтуге шешім қабылдағанына реакциясында: "АҚШ-тың экономикалық лаңкестігі заңсыз әрі адамзатқа қарсы",-деді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммад Джавад Зариф Twitter-дегі жеке парақшасында АҚШ санкцияларының Иран халқын нысанаға алғанын айтып: "Соғыс пен террорды тоқтатыңыздар",-деп жазды.

АҚШ Президенті  Дональд Трамп сәрсенбі күні Twitter-дегі жеке парақшасында осы елдің Қаржы министріне Иранға қарсы санкцияларды арттыруға бұйрық бергенін мәлімдеді.

АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан заңсыз түрде шыққаннан кейін (2018 жылдың 8 мамыры) Иранға қысым жасау үшін жан-жақты майдан бастады.

Вашингтон бірнеше жылдық келіссөздің нәтижесінде қол жеткізілген "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан өткен жылы заңсыз түрде шығып, ядролық санкциялардың қайтарылатынын жариялаған жағдайда Трамп үкіметінің шенеуніктері Иранмен жаңа келіссөз өткізіп, келісімге келу жайлы сөз қозғауда.