Иранға қарсы санкция – Трамптың Сауд Арабиясының Aramco оқиғасы кезінде көрген қорлығына реакциясы
Сауд Арабиясының Aramco компаниясына тиесілі мұнай өңдеу зауыттары йемендік ұшқышсыз ұшақтардың шабуылына ұшырағаннан кейін АҚШ-тың Иранға айып тағуы қайталанды.
АҚШ Президенті Дональд Трамп Йеменнің ұшқышсыз ұшақпен Aramco нысандарына шабуылына әртүрлі ұстанымдар білдіргеннен кейін Сауд режимін қолдап, мұнайдан түсетін табыстарды алатынына кепілдік беріп, АҚШ-тың Қаржы министрлігіне Иран халқына қарсы экономикалық санкцияларды ең жоғары деңгейге жеткізуге бұйрық берді.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні кешке Twitter-дегі жеке парақшасында: "АҚШ-тың Иран халқымен экономикалық соғысын күшейтуі – бұл елдің әдейі қарапайым азаматтарды нысанаға алып отырғанын мойындағаны",-деп жазды.
Иран Сыртқы істер министрі экономикалық лаңкестіктің заңсыз әрі адамзатқа қарсы екенін айтып, соғыс пен террорды доғаруды және бәрі үшін қауіпсіздіктің орнатылуын талап етті.
Сауд Арабиясының Aramco мұнай өңдеу зауыты өткен сенбі күні Йеменнің ұшқышсыз ұшақтары шабуылдарының нысанасына алынып, бұл елде өндірілетін мұнай көлеміне әсер етеді. Йемендіктердің бұл шарасы Сауд режимінің Йеменге бес жыл бойы жасаған шабуылына және халықты, әсіресе балаларды күнде қырып-жоюына табиғи реакция болып табылады. Сондай-ақ, бұл шара Сауд Арабиясының қауіпсіздік және қорғаныс саласын түйткілге ұшыратты.
Сонымен қатар Дональд Трамп саудиялықтардың желге ұшқан абыройы мен батыстық жүйелердің Aramco мұнай өңдеу зауыттарын қорғауда тиімсіз болғанын солғындатып көрсету үшін Иранға қарсы айыптар толқынын бастады.
Айып тағу, ескерту, қоқан-лоққы жасау және содан соң Иранға қарсы санкцияларды күшейтуге бұйрық беру Трамптың Aramco мұнай өңдеу зауыттарына жасалған шабуылдарға реакцияларының қатарына жатады. Бұл реакциялардың әрқайсысына Иран кесімді жауап берді.
Йемендіктер Aramco мұнай өңдеу зауыттарына ұшқышсыз ұшақтармен шабуыл жасағаннан кейін осы елдің Қарулы күштерінің ақпарат хатшысы Яхия әс-Сари елде ұшқышсыз ұшақтар жасау қабілетінің артқанын айтып: "Aramco мұнай өңдеу зауыттарына шабуыл Сауд режимінің Йемендегі қылмыстарына реакция болып табылады",-деді.
Осындай жағдайда Иранды айыптау АҚШ-тың Батыс Азия мен Парсы шығанағы аймағында өз мақсаттарын ілгерлету үшін қолданатын тәсілі мен қайталамалы дағдысы болып отыр. Аймақтағы қазіргі дағдарыстың тамыры – АҚШ-тың қауіпсіздікке қатер төндіріп отырған саясаттары.
Йеменнің ұшқышсыз ұшақтары Aramco-ға шабуыл жасағаннан кейін Трамп айыптаулар мен алдаулар айтумен қоса, өз сөзінде Иранға қоқан-лоққы жасады. Бұл қоқан-лоққы Иранның қорғаныс және қауіпсіздік басшыларының кесімді реакциясына ұшырады.
АҚШ үкіметінің қазіргі қатынасы Батыс Азия мен Парсы шығанағы аймағының бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне көмектеспейді. Аймақтағы дағдарыстың тамыры – Йемендегі соғыстың жалғасуы және осы соғыста АҚШ-тың Сауд режиміне қолдау көрсетуі.
Сауд Арабиясының әскери және өнеркәсіптік орталықтарының нысанаға алынуы Йемендегі соғыстың жалғасуының салдары және осы елдің дұшпандарына ескертудің бір түрі болып табылады. Аймаққа қару-жарақ жіберуді тоқтату және Йеменде соғысты доғару аймақта қауіпсіздік орнатуға көмектеседі. Ал АҚШ-тың кез келген авантюрасы Парсы шығанағы аймағында тынышсыздықтың артуына себеп болады.