Зариф: АҚШ үшін арабтардың мұнайы олардың қанынан маңыздырақ
(last modified Fri, 20 Sep 2019 10:59:52 GMT )
Қыр 20, 2019 16:59 Asia/Almaty
  • Зариф: АҚШ үшін арабтардың мұнайы олардың қанынан маңыздырақ

ИИР Сыртқы істер министрі жұма күні таңертең Twitter-дегі жеке парақшасында АҚШ-тың Йемендегі соғысқа қатысты саясатының Вашингтон үшін мұнайдың адам қанынан артық екенін білдіретінін айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммад Джавад Зариф йемендіктердің Сауд Арабиясындағы мұнай нысандарына шабуыл жасағанына дейін АҚШ-тың Йемен дағдарысы туралы үнсіздік саясатын ұстанып келгенін айтып: "Араб қанының есесіне араб мұнайын алу – АҚШ саясатының әліппесі",-деп еске салды.  

Зариф осы жазбада: "АҚШ-тың жасыл шырағының арқасында саудиялық қылмыскерлер 4 жыл бойы Йеменді бомбалап, 100 мың адамды өлтіріп, 20 млн адамды азық-түлік тапшылығына ұшыратып, 2,3 млн йемендіктің тырысқақ ауруына шалдығуына себеп болды. Енді йемендіктер қарымта әрекет ретінде олардың мұнай қоймаларына шабуыл жасап еді, бұл қабылдауға келмейтін соғыс әрекеті деп аталып отыр",-деп жазды.