Зариф: Аймақта соғыс бастайтын ел оны аяқтайтын тарап болмайды
(last modified Sun, 22 Sep 2019 07:38:03 GMT )
Қыр 22, 2019 13:38 Asia/Almaty
  • Зариф: Аймақта соғыс бастайтын ел оны аяқтайтын тарап болмайды

ИИР Сыртқы істер министрі АҚШ-тың Парсы шығанағындағы әскери және саяси әрекеттерін сынап: «АҚШ аймақта соғыс бастайтын елдің оны аяқтайтын тарап болмайтынын білуі тиіс»,-деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, БҰҰ Бас ассамблеясының саммитіне қатысу үшін Нью-Йоркке барған Мұхаммад Джавад Зариф сенбі күні CBS ақпарат арнасына берген сұхбатында: «АҚШ әскери белсенділігін арттырып, тиімсіз саяси ұстанымдар қабылдау арқылы Батыс Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікке қатер төндіріп, аймақты соғысқа итермелеп отыр»,-деді.

Зариф АҚШ-тың Батыс Азияға бейбітшілікті қалайтыны туралы уәждерін қабылдамай тастап: «Бұл елдің Сауд Арабиясына көбірек әскери қару-жарақтар мен әскер жіберуге шешім қабылдауы Ақ үй басшыларының сөздері мен істерінде қайшылықтың барын көрсетеді»,-деді.