"Ортақ қадам" бағдарламасына табандылық танытпай жаңа келісім жасалмайды
ИИР Сыртқы істер министрі Зариф еуропалықтардың Иранмен жаңа келіссөз жүргізу туралы ұсыныстарына реакция білдіріп, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына табандылық білдірілмей, ешбір жаңа келісімнің жасалмайтынын қуаттады.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф Твиттердегі парақшасында 2018 жылдың мамыр айынан бері үш еуропалық мемлекеттің АҚШ-тың рұқсатынсыз өз міндеттемелерін орындауға дәрменсіздіктерінің мәлім болып отырғанына тоқталып: "Бұл мәселені шешу үшін АҚШ-тың уәждерін «тоты құстай» қайталамай, тәуелсіз жолға түсетін ерік-жігерге ие болу қажет",- деп жазды.
Британия, Франция және Германия дүйсенбі күнгі ортақ мәлімдемеде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қолдайтындарын жариялап, Иранды бұл келісімдегі өз міндеттемелеріне оралуға шақырды.
2018 жылдың мамыр айында АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан заңсыз түрде шыққан соң Германия, Британия және Франция аталмыш келісімдегі Иранның экономикалық мүдделерінің сақталуына кепіл болуға уәде берді. Бірақ сол күннен бір жылдан астам уақыт өткенімен бұл мемлекеттер "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындамаумен бірге АҚШ-пен үндесіп, Иранның зымырандық қорғаныс бағдарламасына байланысты жаңа келіссөздер жүргізіп, келісімге келуді талап етуде.