Рухани: АҚШ аяқ басқан жердің бәрінде лаңкестік арта түсті
ИИР Президенті АҚШ-тың Батыс Азия аймағындағы лаңкестіктің қолдаушысы екенін, АҚШ қадам басқан барлық жерде лаңкестіктің арта түскенін қуаттады.
БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркте сапарда жүрген Хасан Рухани Fax News арнасына берген сұхбатта өз елі мен жерін қорғау үшін күресетін халықты АҚШ-тың «лаңкес» деп атайтынын мәлімдеп: «Өз елін қорғап отырған Йемен халқын «лаңкес» деп атағанымен бомбалар, зымырандар мен зымырандық жүйелер жасап, Йемен халқын бомбалау үшін Сауд Арабиясына жіберетіндерді қолдайды»,- деді. Рухани «Нью-Йоркте Иран мен АҚШ басшылары сұхбаттасуға мұрсат бола ма?» деген сұраққа: «Егер АҚШ сөйлескісі келсе, Иранға салған бүкіл санкциялардың күшін жойып, ирандықтарға қарсы экономикалық лаңкестікті тоқтатуы керек»,- деп жауап берді.