Рухани мен Меркель Нью-Йоркте «Ортақ қадам» бағдарламасы жөнінде пікір алмасты
(last modified Wed, 25 Sep 2019 09:19:43 GMT )
Қыр 25, 2019 15:19 Asia/Almaty
  • Рухани мен Меркель Нью-Йоркте «Ортақ қадам» бағдарламасы жөнінде пікір алмасты

ИИР Президенті Хасан Рухани Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының 74-сессиясы аясында Германия Канцлері Ангела Меркельмен кездесуінде Германияның Иран үшін үнемі өте маңызды серіктес болғанына тоқталып, достық қарым-қатынастардың жалғасуына мүдделік танытты.

 

Иран Президентінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Хасан Рухани кездесуде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қол қойған басқа елдердің, соның ішінде Германияның АҚШ біржақты түрде шығып кеткен халықаралық маңызды келісімді сақтап қалудағы міндеттерін қуаттап, Франция, Британия және Германияның Иранға қарсы жуырдағы мәлімдемесін негізсіз деп атады.

Ангела Меркель де кездесуде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының жалғасуын қолдайтынын қайталап, халықаралық маңызды келісімді құрметтеп, санкциялардың күшін жоюды талап етіп, Германия мен басқа еуропалық мемлекеттердің Еуропа мен Иран арасындағы сауда қатынасын қамтамасыз ететін арнайы желі INSTEX-ті іске қосуға мүдделігін қуаттады.