Халықаралық қауымдастық сионистік режимді Сирияға шапқыншылығын тоқтатуға мәжбүрлеуі керек
Иран Сыртқы істер министрі Зариф барлық үкіметтердің Сирияның территориялық тұтастығын құрметтеуге, сондай-ақ, халықаралық қауымдастықтың сионистік режимді Сирияға қарсы шапқыншылығын тоқтатуға мәжбүрлеуге міндетті екенін қуаттады.
Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні Нью-Йоркте БҰҰ штаб-пәтерінде өткен Сирия дағдарысы туралы Еуроодақтың жоғары лауазымды басшыларының отырысында сөйлеген сөзінде Израиль режимінің Сирияға қарсы шабуылдарының елдің жағдайын одан сайын шиеленістіре түскеніне тоқталып: «Ел Үкіметінің рұқсатынсыз орналасқан бүкіл шетелдік күш Сириядан шығуы керек»,- деді. Зариф сөзінің жалғасында «Астана үдерісіне» сілтеме жасап: «Нұр-Сұлтанда өткен соңғы басқосу лаңкестікке қарсы күрес сылтауымен автономия құру секілді заңсыз бастамалардың алдын алып, жаңа мәселелер тудыру жолындағы талпыныстарды залалсыздандырды. Иран «Астана үдерісі» деп танымал басқосудың келесі отырысының иесі ретінде Сирияда бейбітшілік пен тұрақтылықтың орнатылуына көбірек көмектеседі»,- деді.