Сауд Арабиясының СІМ Иранға қысымды арттыруды сұрады
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Ибраһим бен Абдулазиз бен Абдулла әл-Ассаф БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген сөзінде Иранды Aramco мұнай нысандарына шабуыл жасады деп айыптап, әлемдік қауымдастықтан Иранның аймаққа ықпалын тоқтату үшін Теһранға қарсы қысымдарды арттыруды сұрады.
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі жұма күні Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының 74-ші сессиясында сөйлеген сөзінде жалған уәждерін қайталап, сионистік режимнің Сыртқы істер министріне жақтасып, әртүрлі елдерді АҚШ-тың Иранға қарсы барынша қысым жасау кампаниясына қосылуға шақырды.
Бұл сөзді көптеген қылмыстар мен қастандықтарға жауапты режимнің Сыртқы істер министрі айтып отыр.
Өткен бірнеше онжылдықта аймақ түрлі дағдарыстар пен соғыстарға ұшырады. Олардың себепкері мен жауаптысы – Сауд режимі мен сионистік режим. Бала өлтіргіш бұл екі режим – АҚШ-тың аймақтағы қолшоқпарлары. Бұл екі лаңкес режим АҚШ-тың қолдауымен ұдайы халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікке қауіп төндіріп келеді. Олар, сондай-ақ қуат көздері мен жаһандық экономикаға қауіп төндірді. Қазір бұл екі режим Иранға қарсы уәж айтып, АҚШ-қа жақтасып отыр. Сионистік режимнің Сыртқы істер министрі Исраэль Кац та БҰҰ-ның трибунасын теріс пайдаланып, "Иран әлемде лаңкестікті қолдайтын ең үлкен мемлекет" деп, халықаралық қауымдастықтан Иранға қысымдарды арттыру үшін АҚШ-тың санкциялар кампаниясына қосылуға шақырды.
Йеменде соғыс бастап, сол елдің халқы үшін тудырған мәселелер мен қиындықтар бүгінде саудиялықтардың өздерін аяқтан шалып жатыр. Бұған қарамастан, саудиялықтар бұрынғыдай өз кінәсін өзгеге жабу саясатын ұстанып, өз қателеріне басқаларды жауапты деп көрсетуге тырысуда. Олар АҚШ-тың санкциялары мен қоқан-лоққылары Иранға соққы береді деп ойлайды. Шын мәнінде бұл – бос қиял. Сауд Арабиясы қазір ішкі-сыртқы қиындықтарға душар болып отыр. АҚШ-тың қате саясаттары іс жүзінде осы ел үшін зиянмен аяқталып жатыр.
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи осыдан біраз бұрын жасаған баяндамасында: "Сауд Арабиясы сияқты бір ислам елі үшін АҚШ-тың қазіргі Президентінің сайлауалды науқанында "сауынды сиыр" деп аталуы мақтаныш емес. Бір елдің ақшасын алып, содан соң оны осылай атаудан жаман қандай қорлық бар?!"-деді.
Эр-Рияд басшылары АҚШ-ты өзінің демеушісі санап, бос қиялдап, отпен ойнап отыр. Ал қазір заман мен жағдай өзгерген. Сауд Арабиясы мен оның аймақтағы серіктестері жаққан әрбір оттың бірінші құрбаны өздері болатынын білуі тиіс.