Зариф: АҚШ қандай соғыс бастаса да, оны аяқтауға шамасы жетпейді
https://itolqyn.com/news/world-i43629-Зариф_АҚШ_қандай_соғыс_бастаса_да_оны_аяқтауға_шамасы_жетпейді
ИИР Сыртқы істер министрі Зариф сенбі күні АҚШ-тың Иранға қарсы киберлік соғыс бастағанын айтып: "АҚШ қандай соғыс бастаса да, оны аяқтаушы болмайды",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 29, 2019 19:27 Asia/Almaty
  • Зариф: АҚШ қандай соғыс бастаса да, оны аяқтауға шамасы жетпейді

ИИР Сыртқы істер министрі Зариф сенбі күні АҚШ-тың Иранға қарсы киберлік соғыс бастағанын айтып: "АҚШ қандай соғыс бастаса да, оны аяқтаушы болмайды",-деді.


Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Мұхаммад Джавад Зариф АҚШ-тың NBC телеарнасына берген сұхбатында Вашингтонның Иранды АҚШ-та өтетін президенттік сайлауға араласуға күш салып жатыр деген айыптауларын негізсіз деп атап: "Сайлауға араласатындай Иран одан еш пайда көрмейді. Иран ешқашан басқа елдердің ішкі ісіне араласпайды. Бірақ қазір киберлік соғыс жүріп жатыр. Оны бастаған АҚШ",-деді.

Иран Сыртқы істер министрі АҚШ пен сионистік режимнің Иранның ядролық нысандарына жасаған киберлік шабуылдарына тоқталып: "Бұл шабуылдар өте қауіпті әрі жауапсыз түрде орындалды. Олар миллиондаған адамды құрбан етуі мүмкін еді",-деді.