Түркияның Сирияның солтүстігіне жасаған әскери амалдарын халықаралық қоғам айыптады
(last modified Thu, 10 Oct 2019 09:17:05 GMT )
Қаз 10, 2019 15:17 Asia/Almaty
  • Түркияның Сирияның солтүстігіне жасаған әскери амалдарын халықаралық қоғам айыптады

Ресей СІМ ақпарат хатшысы Песков Түркияның Сирияның солтүстігіне жасаған әскери амалдарының салдарларына қатысты ескерту жасады.

Бұл туралы IRNA News агенттігі хабарлайды.
Осы мәліметке сәйкес Ресей СІМ ақпарат хатшысы Дмитрий Песков сәрсенбі күні Түркияның Сирияға жасаған «Бейбітшілік бұлағы» деген әскери амалдарының салдарлары мен даиштік лаңкестердің босауына қатысты ескерту жасады.

Ресейлік жауапты тұлға Сирияның солтүстігіндегі күрдтердің бақылауындағы зындандардан ДАИШ тобы лаңкестерінің азаттыққа шығуының өте апатты салдарларға ие болуы мүмкін екенін ескертті.

Франция СІМ Жан-Ив Ле Дриан Твиттердегі парақшасында Түркияның Сирияының солтүстігіне жасаған шабуылы туралы: «Бұл шабуыл Еуропаның қауіпсіздігі үшін қатер» деп жазды.

Еуропа Одағы сыртқы саясатының басшысы Федерика Могерини Еуропа Парламентінде сөйлеген сөзінде Түркиядан Сирияның солтүстігіндегі біржақты әскери әрекеттерін тоқтатуды сұрады.

БҰҰ мен Араб лигасының Бас хатшылары, Ирак, Мысыр, Арабстан, Кувейт, БАӘ де Түркияның Сирия аумағындағы әскери амалдарын айыптады.

 

 

Тегтер