АҚШ, Ұлыбритания мен сионистік режим – Ирактағы бүліктердің себепкерлері
Теһран жұма намазының имамы: «Ирактағы жуырдағы бүліктердің себепкерлері АҚШ, Ұлыбритания мен сионистік режим. Олар бүлікшілерді ирактық революцияшылар деп атады»,- деді.
Аятолла Сейед Ахмад Хатами бүгін Теһрандағы жұма намазында Ирактағы жуырдағы наразылықтарда ондаған ирактықтың өлімі мен жарақат алғанына өкініш білдіріп: «Наразылардың тұрмыс жағдайға байланысты талаптары ирактық басшылардың, соның ішінде Премьер-министрінің айтуынша заңды құқықтар. Арабтың кертартпа режимдері мен БААС партиясынан қалғандар, сондай-ақ саудиялық, британиялық және америкалық кейбір ақпарат құралдары Ирактағы жуырдағы бүліктер мен олардың ушығуына себеп болды. Дұшпан Ирак халқының қарсыласу ағымына қосылуына алаңдаушылық білдірді. Сондай-ақ, сионистік режим мен АҚШ-тың заңсыз талаптарына қарсы тұрған кейбір ирактық басшылардан кек алу Ирак халқы дұшпандарының келесі мақсаты болды»,- деді. Аятолла Хатами ИИР-ның Түркия әскерилерінің Сирия жерінен шығуы қажеттігін қуаттайтынына тоқталып, Түркия үкіметіне Сауд Арабиясының АҚШ нөкері ретінде Вашингтонды тыңдап, Йемен соғысына шырмалғанын ескертті.