АҚШ Түркияның екі министрлігі мен үш министріне санкция салды
(last modified Tue, 15 Oct 2019 09:29:35 GMT )
Қаз 15, 2019 15:29 Asia/Almaty
  • АҚШ Түркияның екі министрлігі мен үш министріне санкция салды

АҚШ Вице-президенті дүйсенбі күні кешке Түркияның Сирияның солтүстігіндегі әскери әрекетіне байланысты екі министрлігі мен үш министріне санкция салғанын хабарлады.

 

Fars ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Майк Пенс Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Роберт О'Брайен мен АҚШ Қаржы министрі Стивен Мнучинның алдында санкциялардың Түркияға қысым көрсетіп, елдің солтүстік Сириядағы әскери операциясын тоқтатуға мәжбүрлеу үшін енгізілгенін мәлімдеді. АҚШ Вице-президенті Дональд Трамп пен Реджеп Тайып Ердоғанның телефон сұхбаттарына сілтеме жасап: «Вашингтон Анкарға Сирияда әскери операция жүргізуге ешқандай рұқсат берген жоқ»,- деді. Стивен Мнучин де АҚШ-тың Түркияның Қорғаныс және Энергетика министрліктері мен елдің Ішкі істер министрі Сулейман Сойлу, Қорғаныс министрі Хулуси Акар мен Энергетика министрі Фатих Донмезге санкция салынғанын қуаттап, Түркияның тез арада Сирияның солтүстігіндегі әскери операциясын тоқтатуы керек екенін баса айтты.