Еуропада босқындарға қарсы ауқымды шерулер өтті
(last modified Sun, 07 Feb 2016 09:45:46 GMT )
Ақп 07, 2016 15:45 Asia/Almaty
  • Еуропада босқындарға қарсы ауқымды шерулер өтті

PEGIDA тобын қолдаушы әсірешілдер Еуропаның түрлі қалаларында босқындарға қарсы шерулер ұйымдастырды.

France Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, PEGIDA деп аталатын Батыстың исламдануына қарсы Исламмен жауласу қозғалысын қолдайтын мыңдаған еуропалық патриот-әсірешілдер сенбі күні Германияның Дрезден қаласында, Чех Республикасының астанасы Прагада, Нидерландының Амстердам қаласында, Ирландияның астанасы Дублинде, Словения астанасы Братиславада, Польша астанасы Варшавада, Аутсрияның Грац қаласында, Францияның Монпелье қаласы мен Ұлыбританияның Бирменгем қаласында босқындарға қарсы шеру ұйымдастырып, олардың елдерінен шығарылуын талап етті.

Сонымен қатар, Нидерландының Амстердам қаласында босқындарды қолдаушылар мен PEGIDA әсірешілдері арасында қақтығыстар орын алды. Полиция қызметкерлері көзден жас ағызатын газ шашы қақтығысты таратты. Осы қақтығыстарға байланысты Амстердамда ондаған адам құрықталды.

Ұлыбританияның Бирменгем қаласында да PEGIDA тобын жақтаушы әсірешілдердің шерулерімен тұспа-тұс ондаған адам босқындардың құқықтарын қолдап шеруге шықты.

2014 жылы Батыстың исламдануымен күресу деген сылтаумен Германияның Дрезден қаласында қалыптасқан PEGIDA тобы сан рет жиындар ұйымдастырып, азшылық топтар мен босқындарға қарсы жеккөрініш сезімін насихаттады.