Түркияның Сирияға жасаған шабуылдары салдарынан 16000-нан астам адам босқынға айналды
(last modified Sat, 19 Oct 2019 08:28:58 GMT )
Қаз 19, 2019 14:28 Asia/Almaty
  • Түркияның Сирияға жасаған шабуылдары салдарынан 16000-нан астам адам босқынға айналды

БҰҰ Түркияның Сирияға жасаған әскери шабуылдары салдарынан 16000-нан астам адамның босқынға айналғанын жариялады.

Рейтерс агенттігінің бойынша, БҰҰ Бас хатшысының баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик: «БҰҰ мәліметтері бойынша, Сирия мен Түркияның шекарасына жақын  Манбидж бен Алеппоның оңтүстігінде 16200 адам босқынға айналды»,- деді. Дюжаррик сондай-ақ Сирияның солтүстік-шығысындағы лагерлердегі ДАИШ лаңкестік тобының мүшелері жөніндегі сөзінде: «Бүгінде әлем мемлекеттері арасында ДАИШ лаңкестерінің мүшелері болған азаматтарын елдеріне қайтару және оларды соттау туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр»,- деп хабарлады.

 

 

Тегтер