Мәскеу Түркия мен Сирия арасында арағайындық жасауға дайын
(last modified Mon, 21 Oct 2019 14:50:21 GMT )
Қаз 21, 2019 20:50 Asia/Almaty
  • Мәскеу Түркия мен Сирия арасында арағайындық жасауға дайын

Ресей Сыртқы істер министрі Мәскеудің Түркия мен Сирия арасында арағайындық жасауға дайын екенін хабарлады.

Интерфакстың мәліметі бойынша, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров дүйсенбі күні Сочиде  Сирия мен Түркия өкілдері арасында байланыс орнатудың жоспарланғанын теріске шығарып, Мәскеудін Анкара мен Дамаск арасында келіссөз жүргізуге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді. Лавров Дамаск пен Сирия күрдтерінің Мәскеудің тікелей байланыс орнату ұсынысына келісім білдіргенін айтты.

Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоған алдағы аптада Сирия жағдайы жөнінде Ресей Президенті Владимир Путинмен сөйлесу үшін Сочиге сапар шегеді.

 

 

Тегтер