АҚШ Түркияға қарсы әскери әрекетке баруы мүмкін
(last modified Tue, 22 Oct 2019 13:32:58 GMT )
Қаз 22, 2019 19:32 Asia/Almaty
  • АҚШ Түркияға қарсы әскери әрекетке баруы мүмкін

АҚШ Мемлекеттік хатшысы қажет болса, АҚШ Президентінің Түркияға қарсы әскери әрекетке баруға дайын екенін мәлімдеді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео дүйсенбі күні CNBC ақпарат арнасына берген сұхбатында: "Дональд Трамп қажет болса Түркияға қарсы әскери әрекетке баруға толығымен дайын",- деді. Помпео сұхбатта Трамптың Түркияға қарсы әскери әрекет жасауға жүгінуіне не нәрсенің себеп болатыны жөнінде еш нәрсе айтпады. АҚШ Мемлекеттік департаменті де Помпеоның сөзіне ұстаным білдіруден бас тартты. Трамп Сирияның солтүстігіндегі Түркияның әскери әрекеттерінің басталуымен тұспа-тұс өз елінің күштерін Сириядан шығару шешіміне байланысты қысыммен бетпе-бет келді.