Америка үкіметі Израильдің Палестина халқына жасап жатқан зұлымдығына сыбайлас
ИИР Сыртқы істер министрі Зариф Американың экстремистік және біржақты саясаты халықаралық заңдарды аяққа таптап, Палестина халқына бүлдіргі әсер етіп жатқанын айтты.
Мохаммад Джавад Зариф бүгін бейсенбі күні Бакуде Қосылмау қозғалысына мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің Палестина комитетінің отырысында сөйлеген сөзінде: «Американың қазіргі үкіметі палестиналықтардың мәселесін әлсіретуді қалайтын сионистік режимнің аумағын кеңейту үшін жасап жатқан қылмыстарына сыбайлас», - деді.
Зариф Америка мен сионистік режимнің Азияның батысындағы елдер арасында дұшпандық қалыптастыру мақсатындағы бүлдіргі әрекеттеріне тоқталып, оны Палестина халқының қиындықтары мен мәселелерін солғындатып, аймаққа тағы зиян келтіру деп атады.
Иран СІМ Қосылмау қозғалысына мүше елдерге аймақ елдерінің сионистік режим мен Америкаға сену деген иллюзияны ұмытуы керектігін баса айтты.