Рухани: Иран мен Венесуэла халықтары өз табандылығымен АҚШ-қа үлкен дәріс берді
ИИР Президенті Иран мен Венесуэла халықтарының өз табандылығымен АҚШ-қа үлкен дәріс бергенін қуаттап, Теһранның Венесуэламен дос әрі бауырлас ел ретінде барлық салаларда қарым-қатынасын дамытуға әзір екенін мәлімдеді.
Хасан Рухани жұма күні Бакуде Қосылмау қозғалысына мүше елдер басшыларының саммиты аясында Венесуэла Президенті Николас Мадуромен кездесіп: "Иран мен Венесуэла халықаралық және саяси барлық ортада бір-біріне қолдау көрсетіп келеді. Бұл қатынас жалғасады",-деді.
Рухани Иран мен Венесуэла халықтарының АҚШ-тың ішкі іске араласушылық жобаларына қарсы тұру арқылы бұл елдің кері шегініп, жеңілісін мойындауға мәжбүрлегенін айтып: "Америкалықтар Батыс Азияда Ирак, Сирия, Палестина, Ауғанстан мен Йеменге қатысты жоспарларының ешқайсысын жүзеге асыра алмады",-деді.
Николас Мадуро да кездесуде АҚШ-та өкінішке орай, ең соғысқұмар әрі әсірешіл топтың билікті қолдарында ұстап тұрғанын айтып: "Қазіргі таңда барлық тәуелсіз елдер АҚШ-тың лаңкестік және экстремистік қатынасына қарсы ауқымды коалиция құрды. Бұл өте маңызды",-деді.