Америкалық ақпарат құралдары әл-Бағдадидың өлгенін хабарлады
АҚШ-тың батыс және араб одақтастарымен Сирияның заңды үкіметін құлату мақсатында ДАИШ тәкфіршіл-лаңкестік тобын құрып, бұл топқа қолдау көрсету саласындағы рөлі теріске шығарылмайтын мәселе. ДАИШ лаңкестерінің өз мақсаттарына жете алмауы мен бұл топтың бақылаудан шығуынан кейін Вашингтон ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалиция құрып, оған қарсы күрес туын көтерді.
Америкалық ақпарат құралдары 27 қазанда Пентагон қайраткерлерінің бірінің сөзіне сілтеме жасап, АҚШ армиясының Сирияның солтүстік-батысындағы әрекеттері ағымында ДАИШ лаңкестік тобының қолбасшысы Абубакр әл-Бағдиды өлтіргені туралы хабарлады. Америкалық Newsweek апталығы бұл әрекеттің Сирияның солтүстік-батысындағы Идлиб облысындағы әл-Бағдидың жасырын мекені туралы нақты мәліметтер қолға түскен соң іске асырылғанын жариялады. Almayadeen телеарнасы да әл-Бағдадидың Идлибтың солтүстік-батысындағы Барише қалашығында өлгенін мәлімдеді. Сондай-ақ АҚШ-тың CNN арнасы Пентагон қайраткерлерінің бірінің сөзіне сілтеме жасап, ДАИШ колбасшысының америкалық күштер жақындаған кезде өзін жарып жібергенін хабарлады.
Пентагонның қайраткерлерінің бірі: «ДНК анализы ДАИШ лаңкестік тобы басшысының болмысын дәлелдеді. Оның мәйіті америкалық күштердің қолында»,- деді. Бұл мәлімдеме АҚШ Президенті Дональд Трамп сенбі күні кешке Твиттердегі парақшасында маңызды оқиғаның болғанын жөнінде жазғаннан бір сағаттан кейін жарияланды. Ақ үй сондай-ақ: «Вашингтон уақыты бойынша, жексенбі күні таңғы сағат 9-да Трамп мәлімдеме жариялайды»,- деп хабарлады. Трамп АҚШ-тың ДАИШ-ты жойғысы келетіні туралы сан рет уәж айтты. Трамптың бұл уәждері шындыққа қайшы. Ол 2016 жылы АҚШ президенттік сайлауы алдындағы сөзінде Обама үкіметін ДАИШ лаңкестік тобын құрушы деп айыптағанын ұмытқан болар. Шындығында АҚШ ДАИШ тобының негізін құрушы. Трамп осы мәселеге байланысты Обама үкіметін ДАИШ-ты құрды деп сынаған болатын. Трамптың 2016 жылдың қаңтар айындағы сөзі: «Олар (Обама мен Клинтон) – өтірікшілер. Олар ДАИШ-ты құрды. Хиллари Клинтон Обамамен бірге ДАИШ-ты құрды». Трамп: «АҚШ халықаралық коалиция құрып, ДАИШ-ке қарсы күресте маңызды рөл атқарды»,- деп сан рет уәж айтты. Ол ДАИШ-тың Сирияның заңды үкіметін құлату мақсатына жетпегенін, сондай-ақ, Вашингтонның 2014 жылы Ирактың басып алған аймақтарын бақылауға ала алмай, оған қарсы күресті бастағанын ұмытты. Қазір Трамп Сириядағы ДАИШ-тың толық жойылғаны туралы уәждерімен елдегі америкалық күштерді шығаруды талап етіп, Түркия әскери күштері шабуылдарын бастамастан бұрын америкалық күштердің көбін Иракқа ауыстыруды бұйырды. АҚШ-тың Сириядағы әрекеттері ДАИШ Сирия мен Ирактың кейбір қалалары мен аймақтарын өз бақылауына алған 2011-2014 жылдар аралығында америкалықтардың оларға қаржылай және логистикалық қолдау білдіргенін көрсетті. Сондықтан америкалықтардың ДАИШ-пен күресі күмән тудырады.