Иран мен Катар Сыртқы істер министрлері кездесті
Қаз 29, 2019 18:47 Asia/Almaty
Иран мен Катар Сыртқы істер министрлері Дохада Мюнхен қауіпсіздік конференциясының аймақтық отырысы аясында кездесті.
ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф пен Катар Сыртқы істер министрі Мұхаммад бен Абдуррахман Але Сани сейсенбі күні таңертең Дохада кездесіп, екіжақты қарым‑қатынас және аймақтағы жағдай жайында сұхбаттасып, пікір алмасты.
Мюнхен қауіпсіздік конференциясының аймақтық отырысы Катар әмірі мен әлемнің әртүрлі елдерінің саяси‑қауіпсіздік тұлғаларының қатысуымен Дохада өз жұмысын бастады.
Иран Сыртқы істер министрі конференцияның екі отырысында аймақтық және халықаралық тақырыптарда сөз сөйлейді.
Тегтер