Ауғанстанда биылғы соғыстар мен қақтығыстар салдарынан 350 мыңнан аса адам босқынға айналды
Қаз 29, 2019 21:52 Asia/Almaty
БҰҰ-ның Ауғанстандағы гуманитарлық көмектерді үйлестіру басқармасы дүйсенбі күні биылғы жылдың басынан осы күнге дейін Ауғанстанның 31 облысында соғыстар мен қақтығыстар салдарынан 350 мыңнан аса адамның босқынға айналғанын, олардың 58 пайызының 18 жасқа толмаған балалар мен жеткіншектер екенін хабарлады.
АҚШ пен оның одақтастары 2001 жылы Ауғанстанда лаңкестікпен күрес және қауіпсіздікті қамтамасыз ету сылтауымен осы елге басып кірді. Алайда сол кезден бері бұл елде тынышсыздық, лаңкестік, есірткі заттарын өндіру айтарлықтай артты.
Тегтер