АҚШ ресми түрде Париж келісімінен шықты
АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Морган Ортагус дүйсенбіде мәлімдеме шығарып, Климат жөніндегі халықаралық Париж келісімінен шығу үдерісінің басталуына тоқталуымен бірге: "АҚШ өз одақтастарына ауаның ластануын және парниктік газдар мөлшерін төмендетуге көмектеседі",- деп уәжденді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, 2015 жылдың 12 желтоқсанында әлемнің 195 мемлекеті БҰҰ-ның климаттың өзгеруіне байланысты COP21 21-ші конференциясында жердің ысуының алдын алу және әлемдегі парниктік газдардың таралуын азайту мақсатында Париж келісіміне қол қойды. Бұл мемлекеттер жердің температурасын бір жарым градусқа төмендетуге келісіп, келісім 2016 жылдың қараша айынан бастап іске асырыла бастады. Бірақ Вашингтон басқа келісімдерден шыққандай 2017 жылдың 1 маусымында Климат жөніндегі Париж келісімінен де шықты.