Ғарибабади: Сауд Арабиясы жасырын ядролық жұмыстарын тоқтатуы керек
(last modified Fri, 08 Nov 2019 09:57:23 GMT )
Қар 08, 2019 15:57 Asia/Almaty
  • Ғарибабади: Сауд Арабиясы жасырын ядролық жұмыстарын тоқтатуы керек

Венада орналасқан халықаралық ұйымдардағы Иранның тұрақты елшісі Ғарибабади: «Сауд Арабиясы жасырын ядролық жұмастарын тоқтатып, ынтымақтастық пен айқындық бойынша Иранды үлгі тұтуы керек»,- деді.

 

Казем Ғарибабади бейсенбі күні Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі Басқармалар кеңесінің арнайы отырысында Сауд Арабиясы өкілінің Иранның Агенттікпен толық ынтымақтастық жасау қажеттігі туралы сөзіне реакция білдіріп: «Сауд Арабиясының Королі Агенттіктің көптеген талаптарына қарамастан осы уақытқа дейін жан-жақты келісімді ратификациялап, іске асырған жоқ. Арабстанның Агенттік инспекторларына ядролық жұмыстарын бақылауға рұқсат бермейді. Осындай жағдайда Сауд Арабиясы өкілі айқындық пен ынтымақтастық жөнінде қалай сөз айта айта алады»,- деді. Ғарибабади сионистік режим өкілінің Иранның ядролық бағдарламасы туралы сөзіне де реакция білдіріп: «Бұл режим біріншіден шапқыншылық пен қылмыстардан қолын тазартып, жаппай қырып-жоятын қаруларынан құтылып алған соң барып бұл отырысқа қатыссын»,- деді.