АҚШ Израильдің қалашықтар құрылысын заңды деп жариялады
АҚШ Мемлекеттік хатшысы дүйсенбіде қайтадан сионистік режимнің Палестина жерлеріндегі басқыншылығын қолдап, Вашингтонның осыдан әрі Йордан өзенінің батыс жағалауындағы Израильдің қалашық құрылысын халықаралық заңдарға қайшы деп санамайтынын жариялады.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, Майк Помпео Вашингтонның Йордан өзенінің батыс жағалауындағы Израильдің қалашық құрылысы жөніндегі саясатын өзгерткеніне тоқталып: «Бұл қалашықтар құрылысы халықаралық заңдарды бұзу болып саналмайды»,- деп уәжденді. Сионистік режим АҚШ қолдауына ие болып, әрқашан әлемдік қауымдастықтың талабына немқұрайдылық білдіріп, сионистік қалашықтар құрылысын жалғастырып келді.
Ресей Сыртқы істер министрлігі өз мәлімдемесінде Мәскеудің Йордан өзенінің батыс жағалауындағы қалашықтар құрылысы жөніндегі ұстанымының өзгермегенін еске салып: «Біз бұдан бұрын бұл қалашық құрылысының заңсыз екенін жарияладық»,- деп көрсетті.