Мусави: АҚХА Иранның ережелерін сақтауы керек
(last modified Thu, 21 Nov 2019 14:33:34 GMT )
Қар 21, 2019 20:33 Asia/Almaty
  • Мусави: АҚХА Иранның ережелерін сақтауы керек

ИИР СІМ ақпарат хатшысы Иранда АҚХА тексерушілерінен қатерлі заттар табылуына тоқталып: "Агенттік ИИР-ның маңызды орталықтарының ережелерін сақтауы керек",-деді.

Иранның Атом қуаты ұйымы 6 қарашадағы мәлімдемесінде АҚХА тексерушісінің Ирандағы Натанз уран байыту нысанына кіруіне тыйым салу себебін онда күдікті заттың болу ықтималы деп жариялады.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ИИР СІМ ақпарат хатшысы сейіт Аббас Мусави бейсенбі күні ИИР-дің өзін елдегі маңызды орталықтарды қорғауға құқылы санайтынын айтып: "Теһран АҚХА-ға заң бұзушы адам туралы тиісті құжаттарды жіберген соң әлі де олардың жауабын күтуде",-деді.

Мусави Иранның АҚХА-мен ынтымақтастының белгіленген келісімдер мен ережелерге сәйкес жалғасатынын айтып: "Жоспарға сәйкес тексерушілер Иранның ядролық нысандарын тексереді. Алайда жуырда агенттік тексерушілерінің бірінен нысанға кірер кезде бір қатерлі зат табылды",-деді.