Қырғызстан халқының қаржы жемқорлығына қарсы наразылықтары жалғасуда
(last modified Thu, 28 Nov 2019 11:27:47 GMT )
Қар 28, 2019 17:27 Asia/Almaty
  • Қырғызстан халқының қаржы жемқорлығына қарсы наразылықтары жалғасуда

Қырғызстанның астанасы Бішкекте осы елдің бұрынғы басшыларының қаржы жемқорлығы мен ақшаны жылыстатуына наразылық білдірген шерулер тоқтамай тұр.

IRNA News агенттігінің хабарлауы бойынша сәрсенбі күнгі шерулерге қатысқандар өздерінің талап-тілектерін плакаттарға жазып, Мәжіліс депутаттары мен Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековке мәлім етті.

Наразылар Қырғызстаннан 700 млн долларды шығаруда және қаржы жемқорлығына қатысты барлық басшыны қызметтен шығаруды сұрады.

Наразылар жүздеген млн долларды ақшаны жылыстату қалпында Қырғызстаннан шығарған Кеденнің бұрынғы басшыларының бірі Матраимовты құрықтауды талап етті.

Қырғызстан – осы уақытқа дейін үш рет билік өзгерген, бейбіт мақсатты ұжымдық шерулер өткен Орта Азиядағы жалғыз ел.