Қытай мен Иранның туризм саласындағы ынтымақтастығының жарқын көкжиегі
(last modified Fri, 29 Nov 2019 15:05:47 GMT )
Қар 29, 2019 21:05 Asia/Almaty
  • Қытай мен Иранның туризм саласындағы ынтымақтастығының жарқын көкжиегі

Иран мен Қытай ежелден келе жатқан және мәдениеті бай екі ел болып, кең ауқымды туристік және қолөнер әлеуеттерге ие. Сондықтан бұл өнеркәсіпті дамыту саяси және экономикалық ынтымақтастықты қажет етеді.

 

Иранның Мәдениет, қолөнер және туризм министрі Әлиасғар Монесанның Қытайға сапары мен Бейжіңде екі елдің туристік мәселелері отырысында сөз сөйлеуі – Иран мен Қытайдың саяси және экономикалық ынтымақтастарымен бірге туризм өнеркәсібіне жаңа көкжиек ретінде ерекше көңіл бөлуінің белгісі. Қытай мен Иран дүниежүзінде көптеген тарихи, мәдени және сәулет мұраларына ие   болуымен қатар ірі қолөнер бұйымдарын өндіруші мемлекеттер ретінде танымал. Иран мен Қытай халықтарын  қолөнерді пайдалануы байланыстырады. Иранның туризм өнеркәсібін дамытуына әлемнің кіріс келтіретін үшінші көзі ретінде баса назар аударуы туристік дипломатияны нығайтумен байланысты.

Сондықтан Иранның  Мәдениет, қолөнер және туризм министрінің Қытай сапарын осы салада қарастыру қажет. Бейжіңдегі Иран министрінің қатысуымен өткен отырысқа  қытайлық 60 туристік компанияның қатысуы Иран-Қытай ынтымақтастықтарындағы бұл өнеркәсіптің маңыздылығын білдіреді. Иран 2019 жылдың жазының басынан қытайлық туристер үшін біржақты визаны алып тастады. Бұл салада Иранның Мәдениет, қолөнер және туризм министрі Әлиасғар Монесан Бейжіңде өткен туристік отырыста: «Өткен жеті айдың мәліметтеріне жасаған шолу визаны алып тастаған соң Иранға келген қытайлық туристер саны артқанын көрсетті»,- деді.

«Жібек жолы» тарихымен тұспа-тұс келетін Иран мен Қытай халықтарының тарихи қарым-қатынастары екі ел үшін туризмді дамыту жолын жеңілдетіп, қытайлық туристер Иран сапарларына ризалығын білдіреді. Қытай Туризм академиясының басшысы Dai Bin-нің айтуы бойынша, «Иранға сапар шеккен қытайлық туристердің 85 пайызы толығымен риза». Иран Қытай арасындағы туристік қарым-қатынастарды дамыту негіздері бойынша жыл сайынғы қытайлық туристердің санын бір жарым миллионға жеткізуді көздеп, бұл мақсатқа жету үшін визаны алып тастау және басқа әрекеттерді қажет санайды. Қытай тілін білетін экскурсоводтар дайындау, интернет кеңістігі арқылы қонақ үйлерден орын алу, online желілер құру қытайлық туристердің артуында маңызды рөл атқарады. Иран мен Қытайдың ежелгі қарым-қатынасының жақсы тарихынан екі елдің туризм саласындағы ынтымақтастықтарының көкжиегі жарқын көрінеді. Өйткені бейбітшіл туристік жол бұл қарым-қатынастарды одан сайын арттырады.