Орталық Азия елдерінің басшылары Өзбекстан президентімен кездесті
Орталық Азия елдерінің басшылары Өзбекстанның астанасы Ташкент сапарларында осы елдің президентімен кездесіп, екіжақты және аймақтық серіктестіктерді кеңейту қажеттігін қуаттады.
Fars News агенттігінің хабарлауы бойынша Қазақстанның тұңғыш президенті Назарбаев, Қырғызстан президенті Жээнбеков, Тәжікстан президенті Эмомоли Рахмон жұма күні Орталық Азия басшыларының екінші бейресми отырысы аясында Ташкентте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесіп, әртүрлі салаларда екіжақты байланыстарды кеңейтуді, сауда, мәдени қарым қатынастарды арттыруды баса айтты.
Назарбаев пен Мирзиеев кездесуде соңғы жылдары Өзбекстан мен Қазақстан байланыстарының ортақ талпыныстардың арқасында маңызды кезеңге енгенін қуаттады.