Канада, Франция мен Англия басшылары Трампты келеке етті
https://itolqyn.com/news/world-i44540
Ақпарат құралдары Лондондағы НАТО басшыларының қонағасынан видео жариялады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 05, 2019 15:56 Asia/Almaty

Ақпарат құралдары Лондондағы НАТО басшыларының қонағасынан видео жариялады.

Онда Канада премьер-министрі Джастин Трюдоның ағылшын әріптесі Борис Джонсон мен Франция президенті Эммануель Макрон және Голландия премьер-министрі Марк Рюттемен Дональд Трампты келеке етіп тұрғаны көрінді. Олардың үшеуі де Америка президентіне күлді.

Дональд Трамп сәрсенбі күні Канада премьер-министрін екіжүзді адам деп атады.

Трамп НАТО басшыларының отырысы аясында Германия канцлері Ангела Меркельмен кездесуде «Ол (Трюдо) екіжүзді», - деді.