Ирандық ғалым АҚШ түрмесінен босатылды
АҚШ-та заңсыз қамауға алынып, бір жылдан аса тұтқында болған ирандық ғалым Масуд Солеймани босатылып, ирандық дипломаттарға табысталды.
ИИР СІМ-нің талпыныстары, қауіпсіздік және сот органдарының әріптестігінің арқасында АҚШ-тың заңсыз санкцияларын айналып өтті деген айыппен қамауға алынып, бір жылдан аса АҚШ түрмесінде болған ирандық ұстаз Масуд Солеймани босатылды.
Солеймани бірнеше сағаттан кейін ИИР-yа қайтып оралады.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Масуд Солейманиді азат ету үдерісін бақылау үшін Цюрихке барғаан болатын.
Теһранның "Тәрбиат-е Модаррес" педагогикалық университетінің ұстазы әрі діңгекті жасушалар саласындағы көрнекті ғалымдардың бірі Масуд Солеймани бір жылдан аса уақыт бойы АҚШ түрмесінде заңсыз қамауда болды.
Сондай-ақ, Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің бекітуі, қауіпсіздік және сот органдарының әріптестігі және келісімімен Иранда тыңшылық айыбымен жазасын өтеп жатқан АҚШ азаматы Сюэ Ван ислам рақымшылығымен босатылып, АҚШ-қа қайтуы үшін швейцариялық дипломаттарға тапсырылды.