Еуроодақ сыртқы саясатының жаңа басшысы Иранның ішкі ісіне араласты
(last modified Mon, 09 Dec 2019 16:32:14 GMT )
Жел 09, 2019 22:32 Asia/Almaty
  • Еуроодақ сыртқы саясатының жаңа басшысы Иранның ішкі ісіне араласты

Еуроодақ сыртқы саясатының жаңа басшысы адам құқығын қорғау деген сылтаумен Ирандағы жуырдағы тынышсыздықтарда көрсетілген қатынас тәсілін "қабылдауға келмейді" деп сипаттады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Джозеф Боррель жексенбі күні ішкі іске араласатын мәлімдемесінде Иранды адам құқығын бұзып, наразыларға қатігез қатынас көрсетті деп айыптады.  

Боррель өзінің мәлімдемесінде: "Иранның қауіпсіздік күштері шетелдердің өтініштеріне көңіл аудармастан, елдегі тынышсыздықтарға қатынасында ұстамдылық танытпай, жөнсіз күш қолданды",-деген уәж айтты.  

15 қараша күні таңертең Иранда бензин бағасын өзгерту жобасы орындалғаннан кейін елдің кейбір қалаларында наразылық әрекеттері болды.

Қысқа мерзімді наразылықтар басталғаннан бері Еуроодақ басшылары бірнеше рет Иранның ішкі жағдайы туралы жалған уәждер айтып, мәлімдеме жасады.