Жозеп Боррель: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалуға болады
Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Жозеп Боррель сейсенбі күні Франция Сыртқы істер министрі Жан-Ив ле Дрианмен бірге Парижде өткізген баспасөз отырысында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын әлі де сақтап қалуға болады деген үміт білдірді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Жозеп Боррель еуропалықтардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындамауына тоқталмастан: «Еуропа Иранды «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін қысқарту саласындағы келесі қадамды жасамауға көндіруге талпынуда. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалатын мүмкіндік бар»,- деді. Жан-Ив ле Дриан де баспасөз отырысында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының қазіргі жағдайына алаңдаушылық білдіріп: «Егер Иран Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін қысқарту саласында келесі қадам жасаса, келісім шынайы қатермен бетпе-бет келеді»,- деді.