Ресей Германияның елшісін шақыртты
(last modified Thu, 12 Dec 2019 15:18:14 GMT )
Жел 12, 2019 21:18 Asia/Almaty
  • Ресей Германияның елшісін шақыртты

Ресей СІМ дипломаттарының Германиядан шығарылуына наразылық білдіріп, Мәскеудегі осы елдің елшісін шақыртты.

"Спутник" агенттігінің хабарлауы бойынша Ресей СІМ Мәскеудегі Германия елшісі Геза Андреас вон Жейрді шақыртты. 

Германия Үкіметі желтоқсан айының басында Берлиндегі Ресей елшілігінің екі қызметкерін грузиялық азаматтың өліміне қатысты болуы мүмкін деген күдікпен шығарып жіберген болатын.

Грузия азаматы Зелимхан Хангошвили Берлиннің хайуанаттар паркінде өлтірілгеннен кейін Германия Соты осы адамның өліміне Ресейдің мемлекеттік қызметкерлерін күдікті санап, Германиядағы Ресей елшілігінің екі қызметкерін шығарып жіберді. 

Зелимхан Хангошвили Ресейге қарсы соғыста шешен бүлікшілері қолбасшыларының бірі болған көрінеді. 

Тегтер