Америка Иранға дәрі-дәрмек пен азық-түліктің енуін үзуге талпыныс жасағанын мойындады
Трамп Үкіметі 2018 жылдың мамыр айында «Ортақ қадам» ядролық келісімінен шыққан соң «барынша қысым жасау саясаты» аясында Иранға бұрын-соңды болмаған түрлі санкцияны үсті-үстіне салып, іске асырып жатыр. Вашингтон бұрын Иранға санкция салғанда адам құқығы ережелерін сақтайтыны туралы уәж айтқанымен бүгінде оған әшкере түрде көзжұмбайлық танытып отыр.
Американың Қаржы министрлігі интернет торабында жариялаған күн тәртібіндегі маңызды мәселеде Иранның кеме қозғалысы бөліміне салған жаңа санкцияларының мақсаттарының бірі гуманитарлық тауарлардың енуіне шектеу қою екенін мойындады.
Америка Қаржы министрлігінің күн тәртібінде: «Америкалықтарға Иран Ислам Республикасының кеме қозғалысы линияларымен немесе E-sail мен әртүрлі байланыстарды жүзеге асыру үшін, соның ішінде ауылшаруашылығы тауарлары мен азық-түлік, дәрі-дәрмек немесе медициналық құралдар сатуға тыйым салынады.
Сонымен қатар америкалық емес адамдар хабардар түрде Иранның кеме қозғалысы линияларымен ынтымақтастық жасаса, тіпті ауылшаруашылығы, азық-түлік, дәрі-дәрмек немесе медициналық құрал-жабдық сатумен айналысса санкция қатеріне ілігеді», - деп баса айтылды.
Трамп Үкіметі 2018 жылдың мамыр айында «Ортақ қадам» ядролық келісімінен шыққан соң Иранға «барынша қысым жасау» науқанын бұрын-соңды болмаған санкция салу қалпында бастап, Иран азаматтары мен әртүрлі органдарына қарсы неше түрлі санкция салды. Өзінің заңсыз санкцияларына басқа елдерді ілестіру үшін қоқан-лоққы мен қорқытуға жүгінді. Шын мәнінде Вашингтонның Теһранға қатынасы тек қоқан-лоққы жасап, күш көрсету мен мәжбүрлеуде. Трамп Үкіметінің бұл қатынасы халықаралық деңгейде қатты сынға ұшырады.
Вашингтонның Иранды өзінің заңсыз талаптарын қабылдауға мәжбүрлеудегі мақсаты 2018 жылдың мамыр айында Америка Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның он екі шартында жарияланды. Осы аяда Трамп үкіметі Иранға қарсы біржақты санкция салуды басты құрал ретінде қолданды.
Мұның алдында америкалық басшылар азық-түлік пен дәрі-дәрмек тауарлары бұл санкцияларға кірмейді деген уәж айтқан болатын. Дегенмен Американың Қаржы министрлігі жаңа жұмыс тәртібін жариялауымен Вашингтон тіпті көлгірсіген уәжін қойып, әшкере түрде Иран халқын азық-түлік және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде қысымды арттырып, шектеу қалыптастыруға көшті.
Иранның жоғары басшылары әрдайым Америка үкіметінің азық-түлік пен дәрі саудасына санкция салынған жоқ деген уәждерін теріске шығарып, елдің аталмыш саладағы қажеттіліктерін өздері қамтамасыз ететінін қуаттап келеді. ИИР Американың қысымдарына қарамастан оның үстемшіл талаптарына бағынбайтынын сан рет баса айтты.
Шын мәнінде Вашингтонның Теһранды өзінің заңсыз талаптары мен үстемшілік талап етуіне мәжбүрлеу үшін адамгершілікке жатпайтын санкцияларының нәтижеге жетпеуі Трамп Үкіметінің Иранмен жауластықта кез келген әдеп пен жасырып-жабуды қойып, Иран халқына қарсы өзінің адамгершілікке жат әрекеттерін әшкере түрде күшейте түсуіне себеп болды.