Еуропа елдері БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қолдады
https://itolqyn.com/news/world-i44743
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше еуропалық елдер "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының сақталуына мүдделік танытты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 20, 2019 19:29 Asia/Almaty
  • Еуропа елдері БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше еуропалық елдер "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының сақталуына мүдделік танытты.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше еуропалық елдер бейсенбі күні Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын орындауды талқылауға арналған отырысынан кейін жасаған мәлімдемеде: "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы аймақтық және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауда маңызды фактор",-деп мәлімдеді.

Ұлыбритания өкілі Карен Пирс отырыста өз елі, Германия мен Францияның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындамай отырғанына тоқталмастан, Иранның осы келісімге табандылығының азайғанына өкініш білдірді. 

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын көпжақты дипломатияның ең маңызды жетістіктерінің бірі деп атады.