Лавров АҚШ-тың Иранға қатынасы туралы ескертті
Ресей Сыртқы істер министрі Вашингтонның Теһранға қатынасын БҰҰ Жарғысын ашық түрде бұзу деп атап: "АҚШ бірнеше мыңжылдық өркениеті бар Иран сияқты елге әдепсіз қатынас көрсете алмайды",-деді.
ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сергей Лавров жексенбі күні: "АҚШ Иранға қатысты БҰҰ Жарғысын әшкере бұзып, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарларын орындаудан бас тартып қана отырған жоқ, дөрекі түрде бұл елге талап қоя бастады,. Иран – мыңдаған жылдық өркениеті, салт-дәстүрі мен абырой-айбыны бар ел. Америкалықтар Иранның өз міндеттемелерін орындауды жалғастыруы қажеттігін айтады, бірақ өздері БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Иранға қатысты қарарларын бұзып отыр.
Америкалықтар тіпті Иранмен еркін сауда жасауға құқығы бар басқа елдерден Иранмен сауда қарым-қатынастарын тоқтатуды талап етеді",-деді.