Иран, Ресей және Қытайдың Үнді мұхитының солтүстігінде әскери теңіз жаттығулары басталды
Иран, Ресей және Қытайдың бірлескен теңіз әскери жаттығулары бүгін жұма күні ынтымақтастық пен ұжымдық бірлік аясындағы тұрақты бейбітшілік, достық және қауіпсіздік жолдауымен Үнді мұхитының солтүстігінде басталды.
Иран армиясы теңіз күштері қолбасшысының орынбасары әрі Иран, Ресей және Қытайдың алғашқы үшжақты әскери жаттығуларының баспасөз хатшысы Ғоламреза Тахани баспасөз отырысында: «Үнді мұхитының солтүстік аймағы – қауіпсіздігі жоғары аймақ. Қауіпсіздік Иран қарулы күштерінің талпынысымен орнатылды. Иранды оқшаулау мүмкін емес. Бұл жаттығу Иран, Ресей және Қытай қарым-қатынастарының жоғары деңгейге жеткенін, алдағы жылдары бұл үдерістің жалғасатынын білдіреді»,- деді. Ол сондай-ақ әскери жаттығу өтетін аймақ көлемінің 17000 км² екендігіне сілтеме жасап: «Алдын ала белгіленген жоспарларға негізделген жаттығу Иран, Ресей және Қытай әскери-теңіз кемелерінің әрекеттерімен Иранның оңтүстік-шығысындағы Чабаһар портынан басталып, Үнді мұхитының солтүстігіне дейін жетеді» деді.