Помпео ОББ-ның қылмыстарын ақтауға талпынды
Америка 2011 жылдың қыркүйек айының 11 күнгі оқиғадан кейін лаңкестікпен күресті сылтауратып, Ауғанстанға шабуыл жасады. Содан кейін Американың Орталық Барлау Басқармасы сол ел мен әлемнің басқа жерлерінде лаңкестік айыбымен ұстаған адамдарды әртүрлі тәсілмен азаптады.
Бұл мәселе көркем фильмнің сюжетіне айналды. Оның көрсетілуі бұрын ОББ-ның басшысы болған, қазір Мемлекеттік хатшы Майк Помпеоның теріс реакциясына ұшырады.
Скотт Бернездің режиссерлығымен жақында экранға шыққан «Репортаж» фильмі Сенаттың Барлау комитетінің 2011 жылдың 11 қыркүйек оқиғасынан кейін ОББ қызметкерлерінің азаптау тәсілдерін қолдануы туралы зерттеу талпынысын баяндайды.
Помпео сенбі күні таңертең осы фильмнің экранға шығуына реакция білдірді. Ол Твиттердегі жазбасында фильмге сілтеме жасап, «жақсы адам», «жаман адам» анықтамасын ұсыну арқылы ОББ азаптаған адамдар лаңкестер болды деп ақтамақ болды.
Американың Мемлекеттік хатшысы: ««Репортаж» фильмін көрдім. Турасын айтайын: «Жаман адамдар біздің барлаушылар емес. Жаман адамдар лаңкестер. Бұрынғы әріптестерім мен 11 қыркүйек оқиғасынан кейін бізді аман сақтаған ОББ-ның барлық патриоттарына айтарым, Америка сіздерді қолдайды. Сіздерді қорғап, арттарыңызда тұрады. Мен де сондай», - деп жазды.
Америка 11 қыркүйек оқиғасынан кейін әлемнің түкпір-түкпірінде лаңкестікпен күрес жобасы аясында лаңкестік әрекеттермен айыпталған адамдарды, әсіресе әл-Қаида тобының ықтималды мүшелерін құрықтап, тергейтін жүйе қалыптастырды.
ОББ «тергеудің дамыған тәсілдері» деген азапты қолданды. Кейін қатты сынға, сонымен қатар Конгрестің зерттеуіне ұшырады.
Осы аяда лаңкестікке күдікті адамдар ұрланып, сот үкімінсіз Америкадан тыс құпия жерлерде тұтқындалып, рақымсыз тәсілдермен азапталып, тергелді.
Мұндай маңызды азаптардың қатарында «жасанды батыру» тәсілін қолданды. Бұл тәсіл күдіктілерді мойындату кезінде Джордж Буш ІІ кезінде кең таралды. ОББ сол тәсілді қолданды.
ОББ қызметкерлері қатігез әрекеттер мен азаптарды, адам құқығын бұзатын көптеген жайттарды Американың ұлттық қауіпсіздігін қорғау сылтауымен жүзеге асырды. Америка Үкіметі де азаптарды қолдануды ақтау үшін лаңкестікпен күресті осы мәселенің дәлелі деп атады.
Азаптау мен осы тәсілді қолдануды қорғау адамның құрметін сақтаумен ғана қайшы емес, сонымен қатар қатігездік қалыптастырып, оның ішкі және халықаралық деңгейлерде таралуына да соқтырады.