АҚШ Иран, Қытай мен Ресейдің теңіз одағына төтеп беруге дәрменсіздігінен қорқып отыр
АҚШ Өкілдер палатасының қарулы күштер комитетінің мүшесі: "Иран, Қытай мен Ресейдің бірлескен теңіз жаттығуының салдарларына көңіл аудармауға болмайды",-деді.
Республикашыл өкіл Джим Банкс сенбі күні Fox News ақпарат арнасына берген сұхбатында Иран, Қытай мен Ресейдің Үнді мұхитындағы бірлескен теңіз жаттығуы туралы: "Осы үш елдің теңіз флоттарының бір жерге жиналып, арандатушы әскери жаттығу өткізуі олардың АҚШ теңіз флотынан жоғары күш-қуатка ие екенін көрсетеді. Бұл мәселеге көзжұмбайлық танытуға болмайды",-деді.
Қытайдың Иранның жанында болуы – АҚШ үшін қатер дабылы. Иранға барынша қысым жасау саясаты жалғасуы керек",-деді.
Иран, Қытай мен Ресейдің бірлескен әскери жаттығуы 27 желтоқсанда басталып, 4 күнге созылады. Әскери жаттығу Үнді мұхиты солтүстігінің бір бөлігін қамтиды.