АҚШ Иран, Қытай мен Ресейдің теңіз одағына төтеп беруге дәрменсіздігінен қорқып отыр
https://itolqyn.com/news/world-i44864-АҚШ_Иран_Қытай_мен_Ресейдің_теңіз_одағына_төтеп_беруге_дәрменсіздігінен_қорқып_отыр
АҚШ Өкілдер палатасының қарулы күштер комитетінің мүшесі: "Иран, Қытай мен Ресейдің бірлескен теңіз жаттығуының салдарларына көңіл аудармауға болмайды",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 29, 2019 18:05 Asia/Almaty
  • АҚШ Иран, Қытай мен Ресейдің теңіз одағына төтеп беруге дәрменсіздігінен қорқып отыр

АҚШ Өкілдер палатасының қарулы күштер комитетінің мүшесі: "Иран, Қытай мен Ресейдің бірлескен теңіз жаттығуының салдарларына көңіл аудармауға болмайды",-деді.

Республикашыл өкіл Джим Банкс сенбі күні Fox News ақпарат арнасына берген сұхбатында Иран, Қытай мен Ресейдің Үнді мұхитындағы бірлескен теңіз жаттығуы туралы: "Осы үш елдің теңіз флоттарының бір жерге жиналып, арандатушы әскери жаттығу өткізуі олардың АҚШ теңіз флотынан жоғары күш-қуатка ие екенін көрсетеді. Бұл мәселеге көзжұмбайлық танытуға болмайды",-деді.  

Қытайдың Иранның жанында болуы – АҚШ үшін қатер дабылы. Иранға барынша қысым жасау саясаты жалғасуы керек",-деді.

Иран, Қытай мен Ресейдің бірлескен әскери жаттығуы 27 желтоқсанда басталып, 4 күнге созылады. Әскери жаттығу Үнді мұхиты солтүстігінің бір бөлігін қамтиды.