Жуырда Баку-Астара күре жолын Иранның тас жолдарына қосу жобасы орындалады
(last modified Thu, 02 Jan 2020 12:14:53 GMT )
Қаң 02, 2020 18:14 Asia/Almaty
  • Жуырда Баку-Астара күре жолын Иранның тас жолдарына қосу жобасы орындалады

Иранның Жол және қала құрылысы министрі жақын болашақта Баку-Астара күре жолын Иранның тас жолдарына қосу жобасының орындалатынын хабарлады.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммад Ислами бейсенбі күні Иранның солтүстігіндегі Астараға сапарында ИИР мен Әзірбайжан республикасы арасындағы Баку-Астара күре жолына қатысты жаңа келісімге тоқталып: "Алдағы аптада Баку-Астара күре жолы бойына жаңа көпір салына бастайды. Ол осы көпір арқылы Иранның ішкі жолдарына қосылады",-деді.

Ислами: "Иранның солтүстігіндегі айлақтар солтүстік-оңтүстік және шығыс-батыс дәліздерін байланыстыруда ұдайы маңызды рөл ойнап келеді. Қазіргі таңда Анзали мен Астара айлақтары Иранның транзиттік нарығында ерекше үлеске ие",-деп қуаттады.

Баку-Астара күре жолының 204 шақырымы 2018 жылдың қыркүйегінде ашылды. Иран мен Әзірбайжан осы күре жолды дамытуды мақсат тұтып отыр.