АҚШ-тың Бағдад әуежайына шабуылында Ғасем Солеймани мен Абумаһди Моһандес шәһид болды
(last modified Fri, 03 Jan 2020 05:39:33 GMT )
Қаң 03, 2020 11:39 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Бағдад әуежайына шабуылында Ғасем Солеймани мен Абумаһди Моһандес шәһид болды

Ақпарат көздері жұма күні таңертең АҚШ тікұшақтарының Бағдад халықаралық әуежайына шабуылы барысында Ислам революциясы Сақшылар корпусының «Құдс» арнайы жасағының қолбасшысы қажы Ғасем Солеймани мен Ирактың «Хашд әш-Шааби» халықтық күштерінің басшысы Абумаһди әл-Моһандестің шәһид болғанын хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ирак астанасы Бағдадтың халықаралық әуежайына жұма күні таңертең америкалық тікұшақтар зымырандық шабуыл жасады.

АҚШ басшылары Reuters ақпарат агенттігіне берген сұхбатында бұл шабуылды Иранға қатысты екі адамды нысанаға алу үшін жасағанын мойындады.

Америкалық ұшқышсыз ұшақтар жексенбі күні кешке Ирактың Сириямен шекарасы маңындағы әл‑Қаем қаласында Хашд әш‑Шааби күштерінің 45 және 46‑шы батальондарының позицияларын нысанаға алды.